Көпшіліктің арманындағы вакансия: Солтүстік Ирландияда сыраның дәмін тататын маман іздестірілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Ирландиядағы Лондондерридегі сыра зауыты сыраның дәмін тататын мамандарды жұмысқа қабылдайтындығын жария етті.

Компания бұл вакансияны әлемдегі ең үздік жұмыс деп санайды. Бұл қызметке қабылданған адам әр ай сайын бір күні Walled City сыра қайнату орнында сыраның 40 түрінің дәмін татуы тиіс, деп хабарлады BBC.


Компания өкілі Джеймс Хьюидің сөзіне қарағанда үміткер сыраны қайнату әдісін біліп, талғамы жақсы болуы тиіс. Компания жалақы ұсынбады. Алайда, жергілікті газетте жарияланған хабарландыру бірнеше адамды қызықтырып үлгерді.

Компания жұмысқа дейін және жұмыстан кейін маманды тегін тасымалдап, белгіленген көлемнен артық атқарылған жұмыс үшін төлемақы ұсынады.