Қор биржасында доллар 2 теңгеге арзандады

Фото: Kazinform/ Pixabay

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,95 теңгеге арзандап, 546,96 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 549,15 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 546,97 теңгеден сатып алынады, 548,77 теңгеден сатылады. Еуро 642,07 – 644,35 теңге, ал рубль 6,62 – 6,74 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 76,42 теңгеден сатып алынады, 79,01 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 545,72 теңгеден сатып алынады, 551,65 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 637,62 теңге, сату - 645,68 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,66 теңге, сату - 6,82 теңге.

- юань: сатып алу - 76,35 теңге, сату - 80,19 теңге.

Еске салайық, 1 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,08 теңгеге қымбаттап, 549,15 теңге болды.