Қор биржасында доллар бағамы қайта арзандады

Коллаж: Kazinform / Freepik

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады. 

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,73 теңгеге арзандап, 503,44 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 505,17 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 503,39 теңгеден сатып алынады, 505,43 теңгеден сатылады. Еуро 594,32 — 598,74 теңге, ал рубль 6,46 — 6,58 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 72,51 теңгеден сатып алынады, 75,26 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 501,00 теңгеден сатып алынады, 508,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 592,01 теңге, сату — 601,99 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,35 теңге, сату — 6,65 теңге.
— юань: сатып алу — 73,10 теңге, сату — 77,49 теңге.

Еске салайық, 2 ақпан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,93 теңгеге қымбаттап, 505,17 теңге болды.