АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бейсенбі күнгі сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 30 қыркүйек кешімен салыстырғанда 2,27 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 429,54 теңгені құраған.
Ұлттық банктің 1 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 431,82теңге.
Бұған дейін, ҚР Ұлттық банкі теңгенің айырбас бағамының жағдайына түсініктеме береген болатын.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.