KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0, 12 тиынға қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 444, 04 теңге.
Ұлттық банктің 21 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 444, 03 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 445, 25 теңге, сатып алу – 448, 70 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 445, 34 теңгеден болса, сатып алу құны – 447,27 теңге.