Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы: доллар бағамы 149,82 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 18 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен валюта бірлігі үшін ? 150,15 теңгені, ал сауда көлемі 111 400 мың долларды құрады. Кешегі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,33 теңгеге өсіп, сессия көлемі 49 205 мың долларға артып отыр.