Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы: доллар бағамы 150,17 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 14 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен валюта бірлігі үшін ? 150,17 теңгені, ал сауда көлемі 24 200 мың долларды құрады. Кешегі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,14 теңгеге арзандап, сессия көлемі 162 050 мың долларға артып отыр.