12:08, 21 Мамыр 2009
Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы: доллар бағамы 150,58 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен валюта бірлігі үшін ? 150,58 теңгені, ал сауда көлемі 49 000 мың долларды құрады. Кешегі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,1 теңгеге арзандап, сессия көлемі 81 155 мың долларға кеміді.