11:48, 19 Наурыз 2009
Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы: доллар бағамы 150,93 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы Т+ 0 (USD_TOD) есебімен аяқталды.
USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 20 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен валюта бірлігі үшін ? 150,93 теңгені, ал сауда көлемі 167 мың 650 долларды құрады. Кешегі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,35 теңгеге арзандап, ал сессия көлемі 167 мың 650 теңгеге төмендеп отыр.