11:49, 24 Наурыз 2009
Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы: доллар бағамы 151,31 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы Т+ 0 (USD_TOD) есебімен аяқталды.
USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 14 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен валюта бірлігі үшін ? 151,310 теңгені, ал сауда көлемі 63 мың 300 долларды құрады. Өткен таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,21 теңгеге қымбаттап ал сессия көлемі 2 мың 850 теңгеге артып отыр.