«ҚОР» мұнай компаниясы Қызылорда мен ауыл арасына жол салды

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ -Қызылорда қаласының шетіндегі әл-Фараби ауданы мен Қарауылтөбе ауылын жалғастыратын күре жол ашылды.

Жалпы ұзындығы 3,3 шақырым болатын жолды жобалау мен қаржыландыруға «Қор» мұнай компаниясы 450 млн. теңгеден астам қаржы бөліп отыр.

«Қор» компаниясы баспасөз қыз­метінің хабарлауынша, жоба­ға сәйкес құрылыс жұмыстарын «АСД Компани» ЖШС мен «Арна» АҚ жүргізді. Жол­дан бөлек компания қаржысына 2 көпір салынып, Қызылорда-Құмкөл трассасы ішінара жөн­деуден өткізілді.

Қала мен ауылды жалғас­тыратын жолдың ашылу салта­натында «Қор» мұнай компания­сының бас директоры Марат Нұрпейісов өздерінің шаһар инфра­құры­лымын дамытуға қосқан бұл үлесі бизнестің әлеуметтік жауап­кершілігі бағ­дар­ламасы аясында жүзеге асқан игілік екендігін атап өтті. Сондай-ақ ол алдағы уақытта күре жол­ды толық асфальт­тандыру жос­пар­ланып отырған­дығын жеткізді. Соңғы 2 жылда аймақ тұрғын­дарының жағ­дайын жақсартуға 200 млн. теңгеден астам қаржы жұмсаған компания әлде де әлеуметтік мәсе­лелердің шешілуіне үлес қосады.

Қала әкімінің орынбасары Бегман Көл­баев әлеуметтік саладағы әріптес ком­пания ұжы­мына алғыс білдіріп, жаңа жолдың салынуы қосымша 6 мың гектар алқапты шаруа­шылық ай­на­лымға енгізуге мүмкіндік беретінін айтты.

Салтанатта ақсақалдар ел тіле­гі­не енжар қарамаған «Қор» компа­ния­сының басшылығына ауыл тұрғын­да­ры атынан ризашылықтарын жеткізді.