Қор нарығында доллар 1,33 теңгеге арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.

Фото: Pyxabay.com

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар құны 1,33 теңгеге төмендеп, 1 доллар 447,40 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 18 сәуірге белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 448, 89 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 447,92 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 449,36теңге.

Ал, Астана қаласында сату бағасы – 445,98 теңге болса, сатып алу – 450,98 теңге. 
Ресей рублі Алматыда 4,69 –4,78 теңге, Астанада 4,65–4,77 теңге аралығында саудаланып жатыр.