Қор нарығында доллар 2, 20 теңгеге қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта өсті.

Фото: Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,20 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 453,35 теңге.

Ұлттық банктің 4 наурыздағы ресми бағамы — 1 доллар үшін 451,03 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,94 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 453,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 455,1 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы — 450 теңге, сатып алу құны– 455 теңге.

Ресей рублі 4,87 — 4,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.