Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,6 теңгеге түсіп, 466,08 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 469,93 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 464,00 теңгеден сатып алынады, 471,05 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 531,00 теңге, сату - 541,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,40 теңге, сату - 5,60 теңге.
- юань: сатып алу - 68,77 теңге, сату - 72,91 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 466,21 теңгеден сатып алынады, 468,23 теңгеден сатылады. Еуро 536,08 – 541,32 теңге, ал рубль 5,36 – 5,51 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,97 теңгеден сатып алынады, 71,59 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 10 тамыздағы жағдай бойынша әлемдік мұнай бағасы көтеріліп келеді.