Қор нарығында доллар 3 теңгеге жуық қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,85 теңгеге қымбаттап, 542,66 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 539,49 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 542,09 теңгеден сатып алынады, 544,17 теңгеден сатылады. Еуро 629,02 — 633,24 теңге, ал рубль 6,67 — 6,78 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 540,53 теңгеден сатып алынады, 547,53 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 627,50 теңге, сату — 637,50 теңге;
— рубль: сатып алу 6,70 теңге, сату — 6,80 теңге.
Еске салайық, өткен апта соңында күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,25 теңгеге қымбаттап, 539,49 теңге болды.