Қор нарығында доллар 4 теңгеге жуық қымбаттады
16:07, 09 Шілде 2024
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,94 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 480,77 теңге.
Ұлттық банктің 9 шілдедегі ресми бағамы — 1 долларға 476,27 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,41 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 479,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 481,7 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 478 теңге, сатып алу құны — 483 теңге.
Ресей рублі 5,33 — 5,53 теңге аралығында саудаланып жатыр.