Қор нарығында доллар 444 теңгеге дейін түсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Фото: Kazinform/ЖИ

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,46 теңгеге түсіп, 444,76 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 447,52 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 443,00 теңгеден сатып алынады, 450,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 495,00 теңге, сату - 505,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,07 теңге, сату - 5,27 теңге.
- юань: сатып алу - 67,72 теңге, сату - 71,50 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 445,39 теңгеден сатып алынады, 447,26 теңгеден сатылады. Еуро 495,91 – 500,73 теңге, ал 5,13 – 5,25 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 66,91 теңгеден сатып алынады, 69,46 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 10 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,3 теңгеге түсіп, 447,52 теңге болды.