Қор нарығында доллар 453 теңге деңгейінде тұр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл арзандады.

Фото: Kazinform/ЖИ

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,13 теңгеге түсіп, 453,64 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 453,87 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 451,00 теңгеден сатып алынады, 458,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 502,97 теңге, сату — 513,01 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,35 теңге, сату — 5,55 теңге.
— юань: сатып алу — 68,10 теңге, сату — 71,74 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 452,81 теңгеден сатып алынады, 454,81 теңгеден сатылады. Еуро 505,13 — 509,18 теңге, ал 5,30 — 5,42 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,82 теңгеден сатып алынады, 70,28 теңгеден сатылады.

Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 0,27 теңгеге өсіп, 453,87 теңге болды.