Қор нарығында доллар 530 теңге бағамында тұрақтады

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл қымбаттады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,31 теңгеге қымбаттап, 530,47 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 530,07 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 530,20 теңгеден сатып алынады, 532,30 теңгеден сатылады. Еуро 613,23 – 617,70 теңге, ал рубль 6,48 – 6,60 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 75,20 теңгеден сатып алынады, 77,91 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 528,51 теңгеден сатып алынады, 534,49 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 611,64 теңге, сату - 618,81 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,44 теңге, сату - 6,59 теңге.

- юань: сатып алу - 75,68 теңге, сату - 79,53 теңге.

Еске салайық, 30 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,11 теңгеге қымбаттап, 530,07 теңге болды.