Қор нарығында доллар арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.

Фото: Kazinform

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар құны 2,69 теңгеге төмендеп, 1 доллар 450, 53 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 5 наурызға белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 453, 35 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 450,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 452,7 теңге.

Ал Астана қаласында сату бағасы – 448 теңге болса, сатып алу – 453 теңге.

Ресей рублі Алматыда 4,83 - 4,95 теңге, Астанада 4,8 - 4,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.