Қор нарығында доллар арзандады

Фото: Рixabay

Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Kazinform.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,29 теңгеге төмендеп, 1 доллар 459,04 теңге болды. 

Айта кетейік, Ұлттық банктің 28 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 459,37 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 459,5 теңге, сатып алу – 462,1 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 459 теңгеден болса, сатып алу – 463 теңге.

Алматыда Ресей рублі 5,04 – 5,21 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,08 – 5,2 теңгеден сатылуда.