Қор нарығында доллар арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.

Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар құны 0,43 теңгеге төмендеп, 1 доллар 447, 89 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 12 сәуірге белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 448, 41 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 448,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 449,7 теңге. Ал, Астана қаласында сату бағасы – 446 теңге болса, сатып алу – 450 теңге. 

Ресей рублі Алматыда 4,75–4,87 теңге, Астанада 4,7–4,83 теңге аралығында саудаланып жатыр.