Қор нарығында доллар арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.

Фото: pexels.com

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,69 теңгеге төмендеп, 1 доллар 446,89 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 6 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 448,64 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 445,7 теңге, сатып алу – 447, 3 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы 444 теңгеден болса, сатып алу – 449 теңге.

Алматыда Ресей рублі 4,95 – 5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,93 – 5,03 теңгеден сатылып жатыр.