Қор нарығында доллар арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.

Фото: Kazinform

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,67 теңгеге төмендеп, 1 доллар 448,17 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 30 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 449,98 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 448,5 теңге, сатып алу – 450,7 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 446,5 теңгеден болса, сатып алу – 450,5теңге.

Алматыда Ресей рублі 4,95 – 5,09 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,98 – 5,05 теңгеден сатылуда.