Қор нарығында доллар арзандап жатыр
16:08, 22 Қаңтар 2024
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,35 теңгеге төмендеп, 1 доллар 448,61 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 22 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 450,04 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 448,3 теңге, сатып алу – 450,5 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 448 теңгеден болса, сатып алу – 452 теңге.
Алматыда Ресей рублі 5,01 – 5,15 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,95 – 5,1 теңгеден сатылуда.