Қор нарығында доллар аздап арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

Фото: freepik

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,74 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 497, 26 теңге.

Ұлттық банктің 19 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 497, 89 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,00 теңге. Еуро – 525,12.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 498,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 500,1 теңге. Еуро 524,5 – 529 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 496 теңге, сатып алу құны – 501 теңге. Еуро 525 теңгеден сатылып, 531 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 4,97 – 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банк мәліметінше, валюта нарығындағы теңгерімділікті арттыру мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімдерінің 50%-ын міндетті түрде сату талабы қайта енгізіледі.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев доллар бағамына қатысты пікір білдірді.

Еске салсақ, кешеден бері доллар қор нарығында 500-502 теңгеден саудаланып жатыр.