Қор нарығында доллар бағамы 1,56 теңгеге қымбаттады

Фото: Фото: pexels.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,56 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 452,95 теңге.

Ұлттық банкттің ресми бағамы – 1 долларға 451,25 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,15 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 451,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 454,3 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 452,5 теңге, сатып алу құны– 455,5 теңге.

Ресей рублі 5,02 – 5,21 теңге аралығында саудаланып жатыр.