Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,52 теңгеге өсіп, 455,63 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 451,05 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 451,88 теңгеден сатып алынады, 458,88 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 503,88 теңге, сату - 513,88 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,40 теңге, сату - 5,60 теңге.
- юань: сатып алу - 68,03 теңге, сату - 71,76 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 454,84 теңгеден сатып алынады, 457,36 теңгеден сатылады. Еуро 505,57 – 509,94 теңге, ал 5,38 – 5,50 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,83 теңгеден сатып алынады, 70,37 теңгеден сатылады.
Еске салайық, өткен аптада Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75%-ға түсірді.