Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,87 теңгеге түсіп, 465,74 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 467,65 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 466,00 теңгеден сатып алынады, 473,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 530,00 теңге, сату — 540,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,50 теңге, сату — 6,00 теңге.
— юань: сатып алу — 68,83 теңге, сату — 73,43 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 467,85 теңгеден сатып алынады, 470,21 теңгеден сатылады. Еуро 532,94 — 538,32 теңге, ал рубль 5,62 — 5,77 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,59 теңгеден сатып алынады, 71,14 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 22 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,57 теңгеге түсіп, 467,65 теңге болды.