Қор нарығында доллар бағамы 472 теңгеге дейін арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Коллаж: Kazinform / Freepik

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,39 теңгеге түсіп, 472,03 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 474,47 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 471,97 теңгеден сатып алынады, 478,97 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 539,93 теңге, сату — 549,93 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,80 теңге, сату — 6,10 теңге.
— юань: сатып алу — 69,31 теңге, сату — 74,18 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 473,29 теңгеден сатып алынады, 475,45 теңгеден сатылады. Еуро 540,80 — 546,25 теңге, ал рубль 5,84 — 5,98 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,07 теңгеден сатып алынады, 73,50 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 2 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,76 теңгеге түсіп, 474,47 теңге болды.