Қор нарығында доллар бағамы 490 теңгеге жақындады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Коллаж: Kazinform/ Canva

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,16 теңгеге өсіп, 489,39 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 487,17 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 486,00 теңгеден сатып алынады, 493,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 563,00 теңге, сату — 573,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,40 теңге, сату — 6,70 теңге.
— юань: сатып алу — 69,06 теңге, сату — 74,02 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 489,21 теңгеден сатып алынады, 491,09 теңгеден сатылады. Еуро 566,24 — 571,30 теңге, ал рубль 6,48 — 6,59 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 70,54 теңгеден сатып алынады, 72,98 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 16 маусым күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,94 теңгеге түсіп, 487,17 теңге болды.