Қор нарығында доллар бағамы — 495 теңге

Коллаж: Kazinform/ Canva

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады. 

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,36 теңгеге арзандап, 495,10 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 498,65 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 494,55 теңгеден сатып алынады, 497,33 теңгеден сатылады. Еуро 583,09 — 588,49 теңге, ал рубль 6,42 — 6,54 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,15 теңгеден сатып алынады, 74,79 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 493,00 теңгеден сатып алынады, 500,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 581,00 теңге, сату — 591,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,30 теңге, сату — 6,60 теңге.
— юань: сатып алу — 72,56 теңге, сату — 76,29 теңге.

Еске салайық, 4 ақпан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,4 теңгеге арзандап, 498,65 теңге болды.