Қор нарығында доллар бағамы біршама арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Коллаж: Kazinform / Freepik

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,23 теңгеге түсіп, 462,31 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 464,77 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 459,00 теңгеден сатып алынады, 466,03 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 532,00 теңге, сату - 542,00 теңге;

- рубль: сатып алу - 5,17 теңге, сату - 5,37 теңге.

- юань: сатып алу - 68,46 теңге, сату - 72,38 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 461,16 теңгеден сатып алынады, 463,27 теңгеден сатылады. Еуро 533,33 – 538,47 теңге, ал рубль 5,16 – 5,31 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,74 теңгеден сатып алынады, 71,11 теңгеден сатылады.

Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 2,1 теңгеге өсіп, 464,77 теңге болды.