Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 20 қазан кешімен салыстырғанда 0,29 теңгеге құлдырап, 1 доллар 478,77 теңге болды.
Ұлттық банктің 22 қазандағы ресми бағамы — 1 доллар үшін 479,06 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы — 478,3 теңге, сатып алу — 480,9 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы — 476 теңгеден болса, сатып алу — 481 теңге.
Алматыда Ресей рублі 4,89 — 5,11 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,9 — 5,05 теңгеден сатылуда.