Қор нарығында доллар бағамы қайта арзандады

Фото: Александр Павский / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады. 

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,55 теңгеге арзандап, 526,02 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 526,79 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 526,59 теңгеден сатып алынады, 528,28 теңгеден сатылады. Еуро 605,51 — 610,93 теңге, ал рубль 6,42 — 6,53 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 74,21 теңгеден сатып алынады, 76,83 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 523,62 теңгеден сатып алынады, 530,61 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 603,56 теңге, сату — 613,56 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,40 теңге, сату — 6,55 теңге.
— юань: сатып алу — 74,90 теңге, сату — 78,91 теңге.

Еске салайық, 6 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,71 теңгеге қымбаттап, 526,79 теңге болды.