Қор нарығында доллар бағамы күрт көтерілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Фото: pexels

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 6,18 теңгеге өсіп, 474,04 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 467,63 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 469,50 теңгеден сатып алынады, 476,50 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу – 548,00 теңге, сату – 558,00 теңге;

– рубль: сатып алу – 6,25 теңге, сату – 6,55 теңге.

– юань: сатып алу – 67,80 теңге, сату – 73,50 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 472,90 теңгеден сатып алынады, 475,39 теңгеден сатылады. Еуро 553,50 – 559,02 теңге, ал рубль 6,25 – 6,39 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,65 теңгеден сатып алынады, 71,25 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 13 мамыр күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,44 теңгеге өсіп, 467,63 теңге болды.