Қор нарығында доллар бағамы күшейді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл қымбаттады.

Фото: Kazinform/ЖИ

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,27 теңгеге өсіп, 453,87 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 453,71 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 449,99 теңгеден сатып алынады, 456,99 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 502,00 теңге, сату — 512,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,37 теңге, сату — 5,57 теңге.
— юань: сатып алу — 68,14 теңге, сату — 71,76 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 452,86 теңгеден сатып алынады, 454,73 теңгеден сатылады. Еуро 503,99 — 507,00 теңге, ал 5,36 — 5,47 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,89 теңгеден сатып алынады, 70,31 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 29 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,22 теңгеге түсіп, 453,71 теңге болды.