Қор нарығында доллар бағамы нығайды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Фото: Kazinform/ Pixabay

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,42 теңгеге өсіп, 472,48 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 470,80 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 467,99 теңгеден сатып алынады, 474,99 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 543,97 теңге, сату - 553,97 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,20 теңге, сату - 6,50 теңге.

- юань: сатып алу - 67,67 теңге, сату - 73,00 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 471,44 теңгеден сатып алынады, 473,42 теңгеден сатылады. Еуро 547,60 – 552,23 теңге, ал рубль 6,34 – 6,46 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,68 теңгеден сатып алынады, 70,22 теңгеден сатылады.

Еске салайық, бұған дейін бензин, дизель және автогаз бағасын ұсындық.