Қор нарығында доллар бағамы өсім көрсетті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Фото: Kazinform / Freepik / Pixabay

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,57 теңгеге өсіп, 475,38 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 473,59 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 469,00 теңгеден сатып алынады, 476,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 538,00 теңге, сату — 548,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,53 теңге, сату — 5,73 теңге.
— юань: сатып алу — 68,79 теңге, сату — 73,27 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 473,18 теңгеден сатып алынады, 475,19 теңгеден сатылады. Еуро 541,56 — 546,73 теңге, ал рубль 5,60 — 5,73 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,51 теңгеден сатып алынады, 71,04 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 3 тамыздағы жағдай бойынша әлемдік мұнай бағасы арзандады.