Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,33 теңгеге өсіп, 463,91 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 461,26 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 459,97 теңгеден сатып алынады, 467,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 539,00 теңге, сату — 549,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,05 теңге, сату — 6,35 теңге.
— юань: сатып алу — 66,90 теңге, сату — 72,78 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 464,25 теңгеден сатып алынады, 466,55 теңгеден сатылады. Еуро 542,77 — 547,83 теңге, ал рубль 6,08 — 6,20 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,40 теңгеден сатып алынады, 71,00 теңгеден сатылады.
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені біртіндеп төмендетуі мүмкін екенін жазғанбыз.