Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,37 теңгеге өсіп, 457,99 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 456,88 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 455,00 теңгеден сатып алынады, 462,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 529,02 теңге, сату — 538,97 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,20 теңге, сату — 5,50 теңге.
— юань: сатып алу — 68,38 теңге, сату — 72,48 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 457,60 теңгеден сатып алынады, 459,68 теңгеден сатылады. Еуро 530,37 — 535,72 теңге, ал рубль 5,31 — 5,44 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,42 теңгеден сатып алынады, 70,79 теңгеден сатылады.
Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 0,46 теңгеге түсіп, 456,88 теңге болды.