Қор нарығында доллар бағамы сәл өсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валютасымен сауда жабылды.

Коллаж: Kazinform / Freepik / Pixabay

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген айырбас бағамы — 446,56 теңге, яғни 1,65 теңгеге өскен. Ұлттық банктің 18 қыркүйектегі ресми айырбас бағамы 444,58 теңге болып белгіленді.

Kurs.kz сайтының мәліметі бойынша, Астана тұрғындары айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 445,00 теңгеден сатып, 452,00 теңгеден сатып ала алады. Еуроны 508,00 теңгеден сатып, 518,00 теңгеден сатып алуға болады. Рубльді 4,97 теңгеден сатып, 5,17 теңгеден сатып алуға болады.
Алматыда долларды орта есеппен 446,44 теңгеден сатып, 448,40 теңгеден сатып алуға болады. Тұрғындар еуроны 509,93 теңгеден сатып, 515,04 теңгеден сатып ала алады. Рубль 5,02 теңгеге сатылып, 5,14 теңгеге сатып алынады.

Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды 446,86 теңгеге сатып, 448,92 теңгеге сатып алуға болады. Еуроны 510,84 теңгеге сатып, 516,64 теңгеге сатып алуға болады. Рубльді 5,05 теңгеге сатып, 5,12 теңгеге сатып алуға болады.

Еске салайық, 17 қыркүйекте биржада доллар бағасы төмендеп жатқанын хабарладық.