Қор нарығында доллар бағамы сәл өзгерді

Коллаж: Kazinform/Canva

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл арзандады. 

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,23 теңгеге арзандап, 482,32 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 482,49 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 480,00 теңгеден сатып алынады, 487,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 552,00 теңге, сату — 562,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,51 теңге, сату — 5,91 теңге.
— юань: сатып алу — 71,87 теңге, сату — 75,98 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 480,85 теңгеден сатып алынады, 483,25 теңгеден сатылады. Еуро 552,29 — 558,30 теңге, ал рубль 5,63 — 5,85 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,26 теңгеден сатып алынады, 74,17 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 18 наурыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,2 теңгеге қымбаттап, 482,49 теңге болды.