Қор нарығында доллар бағамы төмендеді

Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Kazinform

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,98 теңгеге төмендеп, 1 доллар 458,04 теңге болды. 

Айта кетейік, Ұлттық банктің 30 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 459,06 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 458,5 теңге, сатып алу – 461,1 теңге. Астана қаласы бойынша сату бағамы – 458 теңгеден болса, сатып алу – 462 теңге. 

Алматыда Ресей рублі 5,03 – 5,21 теңге аралығында, ал Астанада 5,1 – 5,2 теңгеден сатылып жатыр.