Қор нарығында доллар бағамы түсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Коллаж: Kazinform / Freepik

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,17 теңгеге түсіп, 487,01 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 488,37 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 484,00 теңгеден сатып алынады, 491,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 556,03 теңге, сату — 566,03 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,20 теңге, сату — 6,50 теңге.
— юань: сатып алу — 69,24 теңге, сату — 74,17 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 487,09 теңгеден сатып алынады, 488,87 теңгеден сатылады. Еуро 557,92 — 563,16 теңге, ал рубль 6,34 — 6,46 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,63 теңгеден сатып алынады, 74,05 теңгеден сатылады.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер мұнай нарығына қалай әсер еткенін жазғанбыз.