Қор нарығында доллар бағасы құбылып тұр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.  

Фото: Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,85 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 448,06 теңге.

Ұлттық банкттің ресми бағамы – 1 долларға 447,17 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,89 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 448,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 450,3 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447 теңге, сатып алу құны– 451 теңге.

Ресей рублі 4,89 – 4,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.