KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,41 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 476,28 теңге.
Ұлттық банктің 26 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 475,86 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,08 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 475,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 478,3 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 474 теңге, сатып алу құны – 479 теңге.
Ресей рублі 4,97-5,1 теңге аралығында саудаланып жатыр.