Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,6 теңгеге түсіп, 447,14 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 453,65 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 445,00 теңгеден сатып алынады, 452,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 496,00 теңге, сату — 506,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 4,97 теңге, сату — 5,17 теңге.
— юань: сатып алу — 65,74 теңге, сату — 70,32 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 447,51 теңгеден сатып алынады, 449,33 теңгеден сатылады. Еуро 500,47 — 505,23 теңге, ал 5,07 — 5,20 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 65,75 теңгеден сатып алынады, 68,44 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 6 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,71 теңгеге түсіп, 453,65 теңге болды.