Қор нарығында доллар біршама арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,11 теңгеге арзандап, 542,80 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 545,01 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 542,35 теңгеден сатып алынады, 544,32 теңгеден сатылады.
Еуро 637,78 – 642,25 теңге, ал рубль 6,41 – 6,53 теңге аралығында саудаланады.
Ал юань 75,98 теңгеден сатып алынады, 78,65 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 539,59 теңгеден сатып алынады, 544,60 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 635,53 теңге, сату - 643,56 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,37 теңге, сату - 6,52 теңге.
- юань: сатып алу - 76,91 теңге, сату - 81,13 теңге.
Еске салайық, 23 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,08 теңгеге қымбаттап, 545,01 теңге болды.