Қор нарығында доллар біршама өсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Коллаж: Kazinform/ Canva

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,53 теңгеге өсіп, 456,56 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 455,86 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 454,00 теңгеден сатып алынады, 461,01 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 526,00 теңге, сату — 536,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,00 теңге, сату — 5,27 теңге.
— юань: сатып алу — 68,65 теңге, сату — 72,60 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 456,18 теңгеден сатып алынады, 458,21 теңгеден сатылады. Еуро 529,18 — 533,89 теңге, ал рубль 5,17 — 5,29 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,29 теңгеден сатып алынады, 70,62 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 3 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,47 теңгеге өсіп, 455,86 теңге болды.